Қазақстанның 10 өңірінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы бірлескен операция өткізіп, 29 адамды ұстады.
КНБ мәліметінше, іс-шара ІІМ-мен бірге және прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асқан. Тексеру кезінде шекара маңындағы қылмыстық схемалардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі нысандарындағы құқыққа қайшы әрекеттердің жолы кесілген.
Аса ауыр және ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталған 29 адамның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
Операция барысында заңсыз айналымнан 25 қару, 2 граната және 236 оқ-дәрі тәркіленді.
Қазір барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.