Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, сондай-ақ Түркістан мен Қызылорда облыстарының кейбір аумақтарында ауа температурасы -2…-11 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ал солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Солтүстікте көктайғақ болуы мүмкін.
Республика аумағында тұман түседі деп болжанып отыр. Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейеді. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы мүмкін.