weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Қызылорда қаласында 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Қызылордада 14 жастағы жасөспірім қаза тапты

Оқиға 21 қазанда Қызылорданың орталық алаңында болған. Марқұмның әпкесінің айтуынша, жанжал 13 жастағы танысымен арадағы 1000 теңгеге байланысты туындауы мүмкін. Жанжал кезінде жасөспірімнің кеуде тұсына бұрауыш сұғылып, ол оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның туыстары оқиғаға басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәмелетке толмаған күдікті бейімдеу орталығына орналастырылған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер