Әншінің үйленгені туралы жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кейбір оқырман оның алғашқы некесін еске алып, ажырасу себебіне қатысты пікір білдірген.
Бұған дейін «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымов әншінің алғашқы некесі шамамен 5–6 жылға созылғанын айтқан. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылардың ортақ баласы болмаған. Продюсер осы жағдайды ажырасудың негізгі себептерінің бірі деп топшылаған.
Желі қолданушыларының бір бөлігі әншіні жаңа өмірімен құттықтап, бақыт тілесе, енді бірі оның жеке өміріне қатысты түрлі пікір қалдырған.