Алғашқы құжат Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы екі елдің кеден қызметтері өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялауды көздейді.
Екінші заң Қазақстан мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы кедендік мәселелер бойынша ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек көрсету туралы келісімді ратификациялауға қатысты.
Аталған құжаттар екі мемлекетпен кеден саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және тиісті келісімдерді заңнамалық тұрғыдан бекітуге мүмкіндік береді.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.