weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы болып тағайындалды

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жаңа басқарма төрағасы Ерсайын Нағаспаевты ұжымға таныстырды. Бұған дейін ол ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған.

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы болып тағайындалды
Фото: Үкімет

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұжымына компанияның жаңа басшысы Ерсайын Нағаспаевты таныстырды. Ол «Самұрық-Қазына» қорының шешімімен басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Үкімет басшысы жаңа басшының кәсіби тәжірибесі мен теміржол саласындағы жұмыс ерекшеліктерін жақсы білетінін атап өтті. Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың ақпан айынан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарған. Бұған дейін де ҚТЖ жүйесінде еңбек еткен.

Олжас Бектенов компанияның жаңа басшылығы алдында бірқатар маңызды міндет тұрғанын жеткізді. Атап айтқанда, Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін арттыру, транзиттік жүк тасымалы көлемін ұлғайту, теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және компания жұмысының тиімділігін күшейту қажет. Сонымен қатар корпоративтік басқару тәртібін жақсартып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту тапсырылды.

Кездесу барысында теміржол инфрақұрылымын дамытуға қатысты жобалар да сөз болды. Биыл «Дарбаза – Мақтаарал» және «Мойынты – Қызылжар» учаскелеріндегі жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Ал келесі жылы «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын тәмамдау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, жылжымалы құрам өндірісін дамыту, мультимодальды тасымал жүйесін және теңіз инфрақұрылымын жетілдіру міндеттері белгіленді. Премьер-министр теміржол саласына цифрлық технологияларды енгізу жұмыстарын жеделдетудің маңызын да атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер