Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау мен оларды ішкі нарықта ілгерілету мәселелері күн тәртібіне шығарылды.
Премьер-министрдің айтуынша, Мемлекет басшысы жергілікті өндірістің тұрақты дамуына жағдай жасап, қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін қойған. Оның пікірінше, ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесін ұлғайту ел экономикасының нығаюына және өндірістің дамуына оң әсер етеді.
Жиында қабылданып жатқан шаралар туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов және бірқатар өңір әкімдері баяндама жасауда.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесі 83%-ға жеткен. Сонымен қатар, кейбір тауар түрлері бойынша импортты алмастыру әлеуеті әлі де жоғары екені айтылды.