weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 13:01 / Жасмина Нурлан / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ЖОО-ларда төрт жылдық оқу үш жылға қысқаруы мүмкін

Қазақстанда жекелеген мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімін төрт жылдан үш жылға дейін қысқарту ұсынылды. Үкімет бұл модельдің тиімділігін 2027 жылы бағалауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

ЖОО-ларда төрт жылдық оқу үш жылға қысқаруы мүмкін
Коллаж: Kazinform

Құрылтай депутаттары мұндай бастама еңбек нарығын қажетті мамандармен жылдам қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп есептейді. Олардың пікірінше, оқу мерзімінің қысқаруы түлектердің еңбек нарығына ертерек араласып, жалақы алып, кәсіби тәжірибе жинауына жол ашады.

Еңбек министрлігінің болжамына сәйкес, 2035 жылға дейін Қазақстан экономикасына 2,9 миллион жұмысшы қажет болады. Оның ішінде 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтарының өкілдері.

Ұсыныс бойынша студенттер қажетті академиялық сағаттарды толық меңгеруі керек. Алайда оқу үдерісін жеделдету үшін триместрлік жүйені енгізу, жазғы семестрлерді ұйымдастыру, өндірістік тәжірибені кеңейту және жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды дамыту қарастырылып отыр.

Сонымен қатар медицина, сәулет, күрделі инженерлік бағыттар және басқа да арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтар бойынша оқу мерзімін қысқарту мәселесі жеке қаралуы мүмкін. Себебі бұл салаларда кәсіби білім мен тәжірибені толық меңгеру үшін көбірек уақыт қажет.

Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында қолданыстағы заңнама университеттерге үш жылдық білім беру бағдарламаларын өз бетінше ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үкімет 2027 жылы үш жылдық оқыту моделінің тиімділігін бағалауды жоспарлап отыр.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер