weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

2029 жылға дейін Қазақстанда не өзгереді? Үкімет Digital Qazaqstan жоспарын бекітті

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті. Құжатқа Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап, Newsroom.kz хабарлайды.

2029 жылға дейін Қазақстанда не өзгереді? Үкімет Digital Qazaqstan жоспарын бекітті
Фото: Ашық деректер көзі

Жоспардың негізгі бағыттарының бірі – білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу. 2029 жылға қарай мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Ал 2028 жылға қарай университеттер мен колледждердің кемінде 80%-ында білім беру процесіне ЖИ технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Цифрландыру мемлекеттік қызметтерге де әсер етпек. Жоспарға сәйкес, 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдау шараларын көрсету уақыты кемінде 50%-ға қысқаруы керек.

Сонымен қатар жылу-энергетика кешеніндегі активтердің кемінде 70%-ын цифрлық мониторинг жүйесіне қосу көзделген.

Құрылыс саласында да өзгерістер жоспарланған. Техникалық күрделі жаңа құрылыс нысандарының 100%-ы бірыңғай цифрлық жүйеде сүйемелденуі тиіс.

Қаржы секторында 2028 жылға қарай екінші деңгейлі банктердің кемінде 80%-ын қауіпсіз цифрлық ақпарат алмасу жүйесіне қосу көзделіп отыр.

Ал 2029 жылға қарай Қазақстанның IT-қызметтері мен цифрлық шешімдер экспорты кемінде 50%-ға ұлғайтылмақ.

Бұдан бөлек, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды денсаулық сақтау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, салық жүйесі, шағын және орта бизнес, квазимемлекеттік сектор мен қалаларды басқару салаларына кеңінен енгізу жоспарланған.

Үкіметтің пікірінше, Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру ел экономикасының технологиялық жаңғыруына және цифрлық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→