Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:44 / Шұғыла Амангелді / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жолдағы камералар көбейіп жатыр: бұл жүргізушілерге қалай әсер етеді?

Қазақстанда жол қозғалысын бақылау күшейтіліп, автоматты бақылау кешендерінің саны 32 мыңға жеткізілді. Жолдарда жалған және іздеудегі көліктерді анықтайтын камералармен қатар, лазерлік құрылғылар да орнатылып жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Жолдағы камералар көбейіп жатыр: бұл жүргізушілерге қалай әсер етеді?
Фото: Zakon.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін кешендердің саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін артқан. Мұндай жүйелер жол ережесін бұзған көліктерді тіркеумен қатар, мемлекеттік нөмірлер арқылы іздеудегі және жалған нөмірмен жүрген көліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жолдардың 22 учаскесіне 56 лазерлік құрылғы орнатылған. Олар әсіресе түнгі уақытта және тұман, боран, қатты жаңбыр сияқты қолайсыз ауа райы кезінде жүргізушілерге жолды бағдарлауға көмектеседі.

Жыл соңына дейін тағы 20 учаскеге 48 лазерлік жүйе орнату жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар 12 бағытта көліктің орташа қозғалыс жылдамдығын бақылау жүйесі жұмыс істейді. Бұл технология көліктің жылдамдығын бір нүктеде емес, жолдың белгілі бір учаскесі бойынша бақылауға мүмкіндік береді.

ІІМ мәліметінше, цифрлық технологияларды қолдану жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер