20 қазанда «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері 620 киік мүйізін анықтады.
Алдын ала бағалау бойынша, қара нарықта тәркіленген мүйіздердің құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.
Тәркіленген жүк одан әрі тексеру және тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты органдарға тапсырылды.