Алдын ала мәлімет бойынша, мұнай танкеріне дрон шабуыл жасаған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Оқиғадан кейін мамандар жағалау суларын тексеріп, мұнай төгіндісін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Билік тұрғындарға ластанған аумақтарда балық ауламауды ескертті.
Жергілікті билік өкілдері мұнайдан шыққан жағымсыз иіс тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта төгілген мұнайдың нақты көлемі мен қоршаған ортаға келтірілген залал анықталған жоқ. Жағдай бақылауда.