weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген ер адам өлі табылды

Алматыда 9 қазанда хабар-ошарсыз кеткен 42 жастағы Давид Лебанидзенің мәйіті табылды. Ер адамды іздеу жұмыстары қайғылы аяқталды.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген ер адам өлі табылды
Фото: Ашық деректер көзі

 1984 жылы туған Давид Лебанидзе 9 қазан күні кешке Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып, содан кейін жақындарымен байланысқа шықпаған.

Ер адамды іздеуге еріктілер де жұмылдырылды. Олар әлеуметтік желілерде оның сыртқы белгілері көрсетілген хабарландыруларды жариялап, тұрғындардан көмек сұраған.

Еріктілердің хабарлауынша, ер адамның мәйіті 16 қазанда Алматы қаласының Бостандық ауданында табылған. Бұл туралы ақпарат 25 қазанда жарияланды.

Қазіргі уақытта Давид Лебанидзенің неден және қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ мәйіттің нақты қай жерден табылғаны жарияланбаған.

Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге белгісіз.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер