Жаңа талаптарға сәйкес, автобус ішінде жолаушылар саны шамадан тыс көп болған жағдайда және ата-аналарға арналған бос орын бар болса, балалар арбасын жинап тасымалдау қарастырылған. Бұл ретте арба өзге жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірмеуі қажет.
Аталған өзгерістердің басты мақсаты – қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жолаушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасау.
Сонымен қатар, ата-анаға арбаны жинау қолайсыз болған жағдайда, сапарын оны жайылған күйінде жалғастыра алады.
Ең бастысы, бұл талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе басқа да жаза қолдану қарастырылмаған.