weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 қыркүйек, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мұхтар Мағауин Түркияға қоныс аударды

Қазақстанның Халық жазушысы Түркияға қоныс аударды

Мұхтар Мағауин Түркияға қоныс аударды
el.kz

Жазушы, журналист Қорғанбек Аманжолдың айтуынша, қазір Мұхтар Мағауин Түркияның Кемер қаласында тұрып жатыр, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңалыққа қарай қалшы, ағайын,

Ақ теңізде шомылады Мағауин.

Түркияда келіп жетті Кемерге,

Қуаныштан жанға шуақ жағайын!

Жақсы жаңалықты сүйіншілеген Қуанышбек бауырым,

Желіге салған хатшысы Қорғанбек Аманжол деп біліңіздер...

Енді Мұхтар Мағауин ағатайым мұхиттың ар жағында емес, «Ассалаумағаләйкүміңіз» әп-сәтте жететін жақын жерде, жамағайын елде екеніне қуанып жүріңіздер, - деп жазды Қорғанбек Аманжол Facebook әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, соңғы жылдары жазушы Мұхтар Мағауин Америка Құрама Штаттарында өмір сүрді. Ал 2007 жылы ол Чехияға қоныс аударған болатын. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→