weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ жігіті Ресейде депутат болды

Ресейде жаңа қазақ депутаты сайланды

Қазақ жігіті Ресейде депутат болды
Фото: kazvedomosti.kz

Түмен Думасында жаңа депутат сайланбақ,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ura.news-ке сілтеме жасап.

Түмендегі "Единая Россия" партиялық бөлімшесі қалалық дума депутатының босаған мандатын облыс қазақтары автономиясының төрағасы Есенғали Ибраевке беру туралы шешім қабылдады. 

Ол партиялық тізім бойынша қалалық думаға сайланып, бұрын депутаттықтан бас тартқан Екатерина Костылеваның орнын басты.

"Мандатты Ибраевке беру туралы шешім қалалық жиналыста қабылданды. Құжаттар сайлау комиссиясына тапсырылады және қалалық думаның келесі отырысында бекітілуі тиіс", - деп хабарлайды агенттіктің сұхбаттасушысы.

Есенғали Ибраев бұған дейін Юргин ауданы Думасының төрағасы қызметін атқарған екен. 

Сондай-ақ, Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының президенті. 

Бұған дейін "Единая Россия" партиялық тізімі бойынша Түмен Думасына сайланған Екатерина Костылева отбасылық себептер бойынша мандаттан бас тартқан көрінеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→