weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде ажырасқандар енді айыппұл төлеуі мүмкін

Ресейде адам саны азайып барады

Ресейде ажырасқандар енді айыппұл төлеуі мүмкін
фото: naqty.kz

Ресейде демографиялық аухал күрделеніп, адам саны азайып барады. Сондықтан елде ажырасқандар енді айыппұл төлеуі мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

2023 жылдың алғашқы алты айында 333 970 неке бұзылды. Росстаттың мәліметі бойынша, заңды түрде үйленген 1000 жұптың 900-і ажырасады екен.

Мамандар демографиялық ахуалды жақсарту керек деп есептейді. Өйткені бала туу көрсеткіші кейінгі 24 жылда төмендеген7

140 миллион халқы бар елде 1 млн 245 мың бала ғана дүниеге келді. Сондықтан ажырасуды тоқтату үшін айыппұл салу туралы ұсыныс айтылды.

"Алғашында айыппұл көлемі 30 мың рубль болуы тиіс деді. Ол ұсыныс бірақ осыған дейін қабылданбаған. Қазір енді заңды некесін бұзғандар 100 мың рубль айыппұл арқалауы мүмкін деген пікірлерді естіп жатырмыз."Игорь Трунов, Ресей адвокаттар одағының президенті

Сондай-ақ ажырасқандарды түзету жұмыстарына тарту туралы ұсыныстар да бар. Дегенмен сарапшылар ажырасудың көбеюіне экономикалық қиындықтар, инфляция мен өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі де әсер етті дейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→