weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иманды болсын! Қазақ балуаны қайтыс болды

Олимпиадада топ жарған балуан АҚШ-та қайтыс болды

Иманды болсын! Қазақ балуаны қайтыс болды
Фото: bassport.kz

Қазақ еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Танымал спортшының қазасы туралы белгілі спорт журналисі Данияр Кәрімжан мәлімдеді.

"Мұхамбет балуан 16 наурыз күні АҚШ-та көз жұмды. Ол соңғы екі жылда Филадельфияда тұрған. Оның неден қайтыс болғаны белгісіз. Қазіргі таңда балуанның денесін елге әкелу мәселесімен елшілік айналысып жатыр", — деді журналист Данияр Кәрімжан.

Артынша бұл қаралы хабарды Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та ресми түрде растады.

"Өкінішке қарай, осындай хабар алып отырмыз. Тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарған балуанымыз Мұхамбет Қуатбек өмірден өтті. Туыстары мен ата-анасына қайғыра көңіл айтамыз. 27 жастағы балуан соңғы жылдары АҚШ-та өмір сүрді", — деді Есенжолов.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→