weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялапты

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізді

Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялапты
Фото: gov.kz

Су тасқынына байланысты Орал әкімі Миржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Newsroom.kz

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялады.

"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батты. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы араладым, кейбір шағынаудандарда мен келгенде жұмыс енді ғана басталып жатыр. Орал әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", - деді облыс әкімі.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→