weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алады

1 наурыздан бастап Қытайдан келгендер үшін тұрақты визадан бас тарту күшіне енді

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алады
Фото: Грозный_информ

18 сәуірде Таиландтың министрлер кабинеті қазақстандық туристер үшін визаны біржола алып тастауды мақұлдады,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан – Таиландтың туризм индустриясы үшін ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі, елдің өсуінің негізгі драйвері.

Таиландтың Туризм басқармасының мәліметінше, былтыр Таиландқа 172 мың қазақстандық барған. Таиландқа баратын қазақстандық саяхатшылардың көбі отбасылар мен ерлі-зайыптылар. Қазақстандық "Air Astana" әуекомпаниясы саяхатқа сұраныстың артуына байланысты Таиландқа рейстер санын көбейтіп жатыр.

Былтыр қыркүйекте үкімет пилоттық жоба аясында қазақстандық төлқұжат иелері үшін визасыз режимді бекітіп, мұны ақпан айынын 31 тамызға дейін ұзартты.

2019 жылдан бастап таиландтық паспорт иелері Қазақстанда 30 күнге дейін болуға мүмкіндік беретін визасыз режимді пайдаланады.

1 наурыздан бастап Қытайдан келгендер үшін тұрақты визадан бас тарту күшіне енді. Ал Қытай екіжақты келісім бойынша Таиландтан келгендер үшін де солай жасады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→