Өзгерістер Таиланд Министрлер кабинетінің 15 қыркүйектен бастап күшіне енетін шешіміне байланысты. Осыдан кейін қазақстандықтарға Қазақстан мен Таиланд үкіметтері арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім қолданылады.
Сонымен қатар қосымша шектеу енгізіледі: әрбір 180 күндік кезең ішінде визасыз елде болудың жиынтық мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Яғни алты ай ішінде Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, барлық сапардағы болу мерзімі бірге есептеледі.
Егер Қазақстан азаматы елде 30 күннен артық болуды жоспарласа, тиісті визаны алдын ала рәсімдеуі қажет.