weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
5 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әбілмансұр Серіков : «Рөлім үшін жағамнан алды»

Әбілмансұр Серіков өзіне танымалдылық әкелген рөлдері туралы айтып, басынан өткен қызықты оқиғаны баяндады

Әбілмансұр Серіков : «Рөлім үшін жағамнан алды»
Фото: Nur.kz

Қазақстандық танымал актер Әбілмансұр Серіков басынан өткен қызықты оқиғаны айтып берді. Сөзінше, көрермендердің бірі оны кинодағы рөлі үшін жағадан алған, деп жазады newsroom.kz порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әбілмансұр Серіков өзіне танымалдылық әкелген рөлдері туралы айтып, басынан өткен қызықты оқиғаны баяндады. Кинодағы рөлі үшін актерге көрермен шабуыл жасаған екен. "Көшеде танып жататыны рас. Танымалдылық әкелген түрлі рөлім бар. Үлкен буын көбіне "Дос-Мұқасандағы" кейіпкерім арқылы таниды. Осы рөліме қатысты қызықты оқиға болды. Мейрамхана алдында әңгімелесіп тұрсақ, бір апа келіп тырнағымен мойныма жармасады ғой. Шошып кеттім. "Тәте не болып қалды?" деп сұрадым. Ол кісі маған "Неге оларға тиісе бересің?" демесі бар ма?! Сөйтсем "Дос-Мұқасан" фильмі туралы айтып тұр екен. Солай рөлім үшін жағадан алды. Ертесіне түсірілімге келсем, мойным қанталап кетіпті. Жастар қауымы "5:32", "Ауыл мұғалімі" атты жобалар арқылы таниды", - деді өнер иесі. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→