weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жетісуда адамдарды алдап келген қылмыстық топ құрықталды

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 2 пневматикалық тапанша тәркіленді

Жетісуда адамдарды алдап келген қылмыстық топ құрықталды
Фото: Tengrinews.kz

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары бүкіл ел бойынша алдау жолымен алаяқтықпен және ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды newsroom.kz

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталып жатыр.

Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны көбейіп жатыр.

"Құрметті азаматтар қырағы болып, банктік шоттардың деректемелерін ешкімге бермеңіздер, сондай-ақ үшінші тұлғаларға ақша аудармаңыздар", - делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→