weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп Илон Маскқа жаңа қызметке ұсынды

Илон Маск Трамптың сайлау науқанына айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетті

Трамп Илон Маскқа жаңа қызметке ұсынды
Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Үкіметтің тиімділік департаментін құратынын мәлімдеді. Оның айтуынша бұл мекемені Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск пен Республикалық партия атынан президенттікке үміткер болған Вивек Рамасвами басқарады,- деп хабарлайды newsroom.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Трамптың айтуынша, департамент бюрократия мен артық шығындарды азайтуға, федералды агенттіктерді оңтайландыруға және мемлекеттік құрылымдарды реформалауға атсалысады. Бұл ретте департамент Үкімет аясынан тыс, бірақ Ақ үй және АҚШ бюджет басқармасымен келісе отырып жұмыс істейді.

Трамптың мәлімдемесіне сәйкес, департамент өз жұмысын 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін аяқтайды. Яғни бұл Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылғанына 250 жыл толуына орай елге жасалған "сыйлық" болмақ. Жаңа ведомство бұрын мемлекеттік басқару деңгейінде қолданылмаған "кәсіпкерлік тәсілді" енгізетін болады.

Бұл департамент жалпы жүйеге "жарылған бомбадай" әсер етеді. Әсіресе Үкіметтің шығындарымен айналысатындар үшін қиын болады, – дейді Илон Маск.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→