weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
19 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда туу деңгейі төмендеді

Қытайдың Ішкі Моңғолия провинциясының билігі туу көрсеткішін қаржылық төлемдер мен аналарға тегін сүт беру арқылы ынталандыру туралы шешім қабылдады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қытайда туу деңгейі төмендеді

Басылымның хабарлауынша, ата-анаға тұңғыш сәбиінің дүниеге келуі үшін 10 мың юань (шамамен 125 мың рубль) көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Екінші балаға бес жасқа толғанша жылына 10 мың юань, үшінші балаға он жасқа толғанша төленеді. Бұл сомалар жергілікті тұрғындардың орташа табысынан айтарлықтай асып түседі.

Сонымен қатар, провинцияда «Анаға бір стақан сүт» бағдарламасы іске қосылды. Наурыздың 1-нен кейін босанатын әйелдер күн сайын тегін сүт алатын болады.

Қытайда үшінші жыл қатарынан халық санының төмендеуі байқалады. 2024 жылы некелердің саны рекордтық 20%-ға қысқарды. Сарапшылар демографиялық дағдарысты 1980-2015 жылдар аралығында қолданыста болған бір бала саясатының салдарымен, сондай-ақ урбанизация мен бала тәрбиесіне кететін жоғары шығындармен байланыстырады. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→