weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңнан асты

Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 3003 адам қаза тапты. 4,5 мыңы жарақат алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 мыңнан асты
Фото: CCTV

Тағы 351 тұрғын із-түзсіз жоғалғандар санатында. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

2 сәуірдегі жағдай бойынша, Мьянманың орталығында барлығы 54 афтер сілкініс тіркелді. Ең жоғары магнитуда – 7,5, ең төменгісі – 2,8 балл.

Еске салсақ, 28 наурызда Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.

Жер сілкінісінен зардап шеккен өңірлерде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болған еді.

Зілзалаға қатысты Мьянмада бір апталық аза тұту күні жарияланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→