weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда жүргізуші ТҮК күзетшісін балалардың көзінше соққыға жықты

5 сәуір күні Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде күзетшіге жасалған шабуыл қоғам назарын аудартты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға күндіз шлагбаума маңында болған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Алматыда жүргізуші ТҮК күзетшісін балалардың көзінше соққыға жықты
Бейнебақылау камерасынан

Жүргізуші дабыл қағып, демалып жүрген тұрғындардың тыныштығын бұзған. Күзетші ескерту жасаған кезде, жүргізуші көліктен шығып, оған жұдырық ала жүгірген. Күзетші жерге құлағаннан кейін де шабуылдаушы оны ұруын тоқтатпаған. Тек тұрғындардың араласуымен ғана оқиға тоқтатылды.

Жантүршігерлік оқиғаға кешен тұрғындары, оның ішінде балалар да куә болды. Соққыға жығылған күзетші ауруханаға жеткізілді. Оның қазіргі жағдайы нақтыланып жатыр.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталды.

«Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→