weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Бетін ойып алған, түнімен жылап шықты»: Астанада оқушының бетіне маркер тығып алған

Астанадағы Ахмет Байтұрсынов атындағы 48-мектепте инклюзивті сыныптың оқушысы 2-сынып оқитын қыздың бетіне маркер тығып алған, деп хабарлайды Newsroom.kz

«Бетін ойып алған, түнімен жылап шықты»: Астанада оқушының бетіне маркер тығып алған
Azattyq-ruhy.kz

Жалпы білім беретін мектептердің бірінде оқушы қыздың беті жарақаттанды. Бұл туралы зардап шеккен оқушының анасы Айгүл Жолсейіт todayinfo.kz редакциясына хабарласып, мән-жайды баяндады.

«Кеше қызым сабақтан үзілісте шашки ойнап отырған жеріне инклюзивтілігі бар бала келіп, ойыншықтарын шашқан. Қызым «әрі кетіңдер» деп айтқан екен. Сол кезде бала ұшы қатты, өткір маркерді бетіне сұғып алған. Көзіне сәл жетпей қалған. Жедел жәрдем шақырып, бетіндегі тілігін тіккен. Қатты қорқып қалған, түнімен жылап шықты. Сыныпта апай болған дейді. Осындай жағдайға қалай жеткізгенін білмеймін», — дейді қыздың анасы Айгүл Жолсейіт.

Оқушының ата-анасы ерекше балалар оқитын мектептегі қауіпсіздік мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Бұл жағдай бойынша ресми органның пікірі де сұралады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→