weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Келінімізді араластырмаңыздар» — күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады

Руслан Берденовке қастандық жасады деген күдікпен ұсталған Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев алғаш рет көпшілік алдында пікір білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz.

«Келінімізді араластырмаңыздар» — күдіктінің әкесі мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөзден

Ол өз ұлының мұндай іске барғанына сене алмай отырғанын айтты.

«Ата-ана ретінде бұл жағдай біз үшін үлкен соққы болды. Ұлымыз Ернар осындай іске барды дегенге әлі күнге дейін сене алмай отырмыз. Болған жағдайға қатты өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, шын жүректен, бүкіл отбасымызбен Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді ол.

Сонымен қатар Пралиев тергеу әділ өтеді деген үмітін білдіріп, келінінің бұл іске қатысы жоқ екенін баса айтты:

«Ең бастысы келінімізді бұл жағдайға араластырмауларыңызды өтінеміз. Оның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ. Ол Руслан Берденовты ешқашан көрмеген, танысы да емес», — деді Жиембай Пралиев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→