weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекетке ірі көлемде залал келтірді деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Экс-вице-министр Ерлан Қожағапанов 3 жылға сотталды
Ашық дереккөзден

Сот үкімі Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігіне сәйкес шығарылған.

Қылмыстық іс 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы кезінде мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына байланысты қозғалған. Тергеу нұсқасы бойынша, Ерлан Қожағапановтың іс-әрекетінен мемлекетке 1 миллиард теңге көлемінде залал келген.

Сот процесі бес айдан астам уақытқа созылды. Сот отырыстарында Қожағапанов өзіне тағылған айыптарды мойындамай, істі қолдан ұйымдастырылған деп мәлімдеген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→