weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрбан айт 2025: Мүфтият айт тойланатын күнді хабарлады

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы 28 мамырда һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталғанын мәлімдеді.  Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келетінін және 6 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні екенін мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Құрбан айт 2025: Мүфтият айт тойланатын күнді хабарлады
Фото: ашық дереккөз

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. 

"Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зулхижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-ында айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2025 жылы 27 мамырда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 28 мамырда басталып, арапа 5 маусымға, ал құрбан айт 6 маусымға сай келеді", – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Мүфтият бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес, Құрбан айт үш күн бойы – 6, 7 және 8 маусым аралығында аталып өтеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым (жұма) – барлық еңбек режиміне қарамастан ресми түрде демалыс күні болып саналады.

Осылайша, маусым айында қазақстандықтар жұмыс аптасының түріне қарай келесі тәртіппен демалады:

Бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін: 6, 7 және 8 маусым – үш күн қатарынан демалыс.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 6 және 8 маусым – демалыс күндері, ал 7 маусым – жұмыс күні.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→