weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Есірткі саудасы үшін 20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Ресейден  ұсталды

Ол 2003 жылы Өзбекстаннан Ресейге Қазақстан арқылы есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген.

Есірткі саудасы үшін 20 жыл бойы іздеуде болған қазақстандық Ресейден  ұсталды
Фото: proregion24.by

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.

Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгерген.

20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген күдікті өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→