weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

БҚО-дағы өрт: Әкім қаза тапқан 5 баланың ата-аналарына көңіл айтты

БҚО әкімі Нариман Төреғалиұлы  Сырым ауданында орын алған өртке қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды newsroom.kz

БҚО-дағы өрт: Әкім қаза тапқан 5 баланың ата-аналарына көңіл айтты

"Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр.

Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде.
Жағдай менің жіті бақылауымда",- деп жазды әкім.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→