weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Израиль Иранға соққы жасады

13 маусымға қараған түні Израиль Иранға қарсы ауқымды әуе операциясын бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы елдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) хабарлады. Әскерилердің айтуынша, соққылар Иранның ядролық бағдарламасына қатысы бар нысандарға бағытталған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Израиль Иранға соққы жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац елде төтенше жағдай режимін енгізіп, Тегеран жақын уақытта жауап қайтара алады деп ескертті. Ал премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл қауіпсіздік кабинетін жинады.

Израиль армиясының мәлімдеуінше, Иран қазіргі уақытта 15 ядролық оқтұмсық жасауға жететін байытылған уран қорына ие. Тель-Авив бұл жағдайды ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер деп бағалап, ел аумағындағы әуе кеңістігін уақытша жапты.

АҚШ Израильдің шабуылы туралы алдын ала ескертілгенін, бірақ операцияға тікелей қатыспағанын мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Тегеранға Таяу Шығыстағы америкалық әскери нысандарға соққы бермеу туралы ескерту жасады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→