weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Магистратураның грант байқауына құжат қабылдау қашан басталады

Магистратураға бөлінген білім гранттарының иегерлері 25 тамызға дейін белгілі болады.

Магистратураның грант байқауына құжат қабылдау қашан басталады
Фото: gov.kz

Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау 12 тамызда басталады.

Кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған, ол 10 тамызға дейін жалғасады.
Грант алу үшін байқауға қатысуға өтініштер 18 тамызға дейін қабылданады.

Ал ақылы бөлімде оқу ниеті бар азаматтар үшін құжат қабылдау мерзімі – 15–28 тамыз аралығы.

Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін, ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.

Негізгі ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→