weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Берденовке шабуыл ісі бойынша сот басталды

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Берденовке шабуыл ісі бойынша сот басталды

Айыпталушы – 31 жастағы Ернар Жиенбай, ол бұған дейін «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры болған. Қазіргі таңда оған «қасақана адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Сот отырысына Руслан Берденов келген жоқ. Соттың мәліметінше, ол әлі де ем қабылдап жатыр.

Айыпталушы залда фото және видео түсіруге қарсы болды. Осыған байланысты сот отырысы жабық режимде өтіп жатыр.

Келесі тыңдалым алдағы күндері жалғасады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→