weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда біршама қызметкер жұмыстарын онлайн істеуі мүмкін

Алматыда кептеліспен күресу үшін жаңа жұмыс тәртібі енгізілмек.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қазірдің өзінде муниципалды қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгерген: енді олар жұмыс күнін таңғы 8:30-да бастайды, ал түскі үзіліс уақыты бір жарым сағатқа ұзартылды.

Алматыда біршама қызметкер жұмыстарын онлайн істеуі мүмкін
Фото: gov.kz

Қаралып жатқан бастамалар:

  • мемлекеттік қызметкерлердің 30%-ына дейін қашықтан жұмыс істеуге көшіру;
  • жекеменшік компаниялардың кеңсе қызметкерлерін де қашықтан жұмыс істеуге жіберу мүмкіндігі, бірақ шешім кәсіпорын басшыларына қалдырылады;
  • ЖОО мен колледждерде сабақ басталу уақытын әртүрлі ету ұсынылуда: бір бөлігі таңғы 8:00-де, қалғаны 10:00-де оқуды бастайды.

Әкімдіктің пікірінше, мұндай тәсіл 637 мыңнан астам студент ағынын бөлшектеп, олардың оқу орнына әртүрлі уақытта келуін қамтамасыз етеді және таңғы қарбаластағы жол жүктемесін азайтады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→