Қайғылы жағдай Аққора ауылының маңында түнгі аңшылық кезінде орын алған. Екі жергілікті тұрғын бірге шыққан сапарда, 36 жастағы ер адам оқыс жағдаймен 39 жастағы жолдасын атып жіберген.
«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері айналысып жатыр. Сондай-ақ олардың алкогольдік ішімдік қолдану фактісі тексерілетін болады.