Алдымен ер адам әйелінің бетіне ұрған. Бұдан кейін әйел оны қорқыту үшін ас үй пышағын қолына алған. Алайда күйеуі пышақты жұлып алып, әйелін ішінен жаралаған. Жара ішкі ағзаларға тимегенімен, әйел ауруханаға түсті.
Қызғанышты күшейткен жайт — біраз уақыттан кейін көршісі әйелдің үйде қалған киімдері мен кілтін әкеліп берген. Сотта көрші түнде екеуі бірге бір бөтелке арақ ішкенін, содан кейін әйел кетіп қалғанын, басқа ештеңе болмағанын растады.
Сот процесінде айыпталушы кешірім сұрап, өкінетінін айтты. Әйелі де оны кешіретінін жеткізді. Дегенмен сот ер адамның қауіпті екенін айтып, жазасын оқшауланған түрде өтеуі қажет деп шешті. Бұрынғы соттылықтарын ескере келе, оған 3 жыл 6 ай жоғары қауіпсіздік колониясында жазасын өтеу міндеттелді.