weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Атырауда колледж студентін дәретханада ұрып кеткен

Атырау облысында колледж студентінің дәретханада соққыға жығылуына қатысты дау қоғамда қызу талқылануда. Бұл туралы жергілікті блогер Рустем Баязиев Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Атырауда колледж студентін дәретханада ұрып кеткен
Видеодан кадр

Оқиға Индер ауданындағы оқу орындарының бірінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жанжалдың шығуына қарапайым оқу дәптері себеп болған. Студенттің туыстарының айтуынша, 31 желтоқсан күні таңертең жігітті оқу орнының дәретханасында ұрып-соққан. Ол басы мен кеуде тұсынан жарақат алған.

Зардап шеккен студент шамамен екі сағат бойы колледж аумағында болғанымен, оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеген. Туыстарының сөзінше, оқу орнында медбике де, психолог та, куратор да болмаған, ал жедел жәрдем шақырылмаған. Полицияға да оқиға бірден хабарланбаған.

Атырау облыстық Полиция департаменті студенттің соққыға жығылғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жанжалға қатысушылар полиция бөліміне жеткізілген. Кәмелетке толмағандар есепке алынған.

Кейінірек Индер көпсалалы ауыл шаруашылығы колледжінің әкімшілігі ата-аналардың айтқанын жоққа шығарды.

Оқу орнының хабарлауынша, бірінші курс студенттері арасында сөзге келіспеушілік туындап, өзара ауыр сөздер айтылған. Соның салдарынан студенттердің бірі екіншісін бір рет ұрған, нәтижесінде оның мұрнынан қан кеткен. Колледждің медицина қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатқан. Оқиға орнына екі тараптың да ата-аналары шақырылған. Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты тексеру жалғасып жатыр.

Бұған дейін Атырау облысында "дәрігерге барамыз" деп кеткен бір отбасы түгелдей жоғалып кеткені туралы хабарлағанбыз

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→