Президенттің айтуынша, қазіргі кезеңде ұсынылған барлық бастамаларды мұқият талдап, Ата заңға енгізілетін нақты өзгерістерді әзірлеу аса маңызды.
«Конституциялық реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құруды, комиссияның ережесі мен құрамын бекітуді, осы жарлықтың орындалуын бақылауды Президент Әкімшілігіне жүктеуді қаулы етемін», – делінген құжат мәтінінде.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Комиссия түскен ұсыныстарды жүйелеп, зерделегеннен кейін, дайындалған түзетулер қоғамдық талқылауға және республикалық референдумға шығарылуы мүмкін.