Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, шектеу шараларын жаңа ұйымдар мен тұлғаларға таратты. Санкцияға іліккендердің қатарында Росатом Энергетические проекты компаниясы бар. Бұл — Росатоммемлекеттік корпорациясының еншілес кәсіпорны.
Ресми тізімде қазақстандық бірде-бір компания жоқ.
Айта кетейік, «Росатом» Қазақстандағы «Балқаш» атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы саналады. Жоба бойынша дайындық жұмыстары 2025 жылдың жазында басталған. Ал станцияның тікелей құрылысы 2029 жылы қолға алынуы мүмкін.
Қазақстандағы алғашқы АЭС Үлкен ауылы маңында, Алматы облысының Жамбыл ауданында бой көтермек. Бұған дейін аталған елді мекенде құрылысты бастауға арналған салтанатты рәсім өткен. Жобаны жүзеге асыру міндеті «Росатомға» жүктелген.
Санкциялардың Қазақстандағы АЭС құрылысына нақты қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Ресми органдар бұл мәселеге қатысты қосымша түсініктеме берген жоқ.