weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Зымыран Дубайдағы «қазақ шенеуніктері» аталған үйге жақын жерге түсті

Иран зымыраны Дубайдағы Fairmont The Palm тұрғын үй кешенінің маңына құлағаны туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желілерде бұл резиденциядағы ондаған қымбат пәтер Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің туыстарына тиесілі екені айтылуда.

Зымыран Дубайдағы «қазақ шенеуніктері» аталған үйге жақын жерге түсті

Үкіметтегі брифингте журналистер осы мәселеге қатысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтан түсініктеме сұрады.

Оның айтуынша, министрлікте аталған тұрғын үйдегі пәтерлердің кімге тиесілі екені жөнінде мәлімет жоқ.

«Бұл пәтерлердің кімге тиесілі екені туралы дерек бізде жоқ. Дубайда және Таяу Шығыстың басқа елдерінде Қазақстан азаматтары тұрады. Алайда кімнің қай жерде тұратыны және қандай мүлікке иелік ететіні туралы ақпарат бізде болмайды», — деді Бақаев.

Министрлік өкілінің сөзінше, Дубайдағы жағдайға байланысты қазақстандықтар тарапынан СІМ-ге ешқандай өтініш түспеген.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде аталған резиденциядағы 97 пәтер Қазақстан шенеуніктеріне тиесілі деген ақпарат тараған. Бұл дерек 2022 жылы жарияланған америкалық C4ADS ұйымының есебіне сілтеме жасай отырып келтірілуде. Құжатта пәтер иелері ретінде Қазақстанның бұрынғы және қазіргі мемлекеттік қызметкерлерінің туыстары мен жақындары көрсетілгені айтылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→