weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Референдум күні: Алматыда 170 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетеді

Республикалық референдум өтетін күні ерекше қажеттілігі бар тұрғындар сайлау учаскелеріне жету үшін «Инватакси» қызметін тегін пайдалана алады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Референдум күні: Алматыда 170 «Инватакси» көлігі қызмет көрсетеді

Мұны қаладағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырып отыр. Оның мақсаты – сайлау учаскелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатынауына жағдай жасау. Атап айтқанда, мүгедектер арбасымен жүретін адамдарға, тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтарға және көру қабілеті нашар жандарға арналған.

Қазіргі уақытта қызмет көрсету үшін 170 «Инватакси» көлігі, яғни 36 арнайы жабдықталған көлік, 134 жеңіл автокөлік жұмылдырылған. 

Сонымен қатар, өтініш түскен жағдайда пайдалануға арналған қосымша 20 автокөлік те қарастырылған.

«Инватакси» қызметіне тапсырыс беру үшін байланыс нөмірлері:

• Мүгедектер арбасын пайдаланатын азаматтар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін:
+7 707 710 60 50
+7 747 195 35 75
+7 747 402 64 15

• Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78
+7 705 980 87 09
+7 705 831 48 14

Сонымен қатар, кезекші автокөлікті мына нөмірлер арқылы шақыруға болады:
+7 700 151 0701 / 338-30-09.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→