weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
2 сәуір, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауғанстандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 48-ге жетті

Ауғанстанның көптеген провинцияларында 25 наурыздан бері болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бейсенбі таңына қарай 48 адамға жетті, тағы 73 адам жарақат алған,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ауғанстандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 48-ге жетті

Соңғы бір тәуліктің өзінде нөсер жаңбыр, су тасқыны және соның салдарынан болған сел жүрістерінен 6 адам қаза тауып, 7 адам жараланған.

Табиғи апат Кабул, Каписа, Парван, Панджшер, Пактия, Пактика, Хост, Заболь, Майдан-Вардак, Урузган, Гор, Бадгис, Сари-Пуль, Саманган, Фарьяб, Баглан, Бадахшан, Кунар және Лагман провинцияларын қамтыды.

Соңғы тәулікте су тасқыны салдарынан 139 тұрғын үй толықтай қирап, тағы 394 ғимаратқа жартылай зақым келген. Осы кезеңде мыңнан астам отбасы зардап шеккен.

Ауғанстанның Бас метеорологиялық басқармасы алдағы күндері елдің 34 провинциясының 33-інде қатты жаңбыр мен су тасқыны болады деп болжап отыр. Бұл жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→