weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тұрсын мен Баян Алагөзовтер қандай үйде тұратыны белгілі болды

Медиакәсіпкер Бейбіт Әлібеков «По домам» шоуының жаңа шығарылымын жариялады. Бұл жолы елдегі ең көп талқыланатын жұп – Баян Алагөзова мен Тұрсен Алагөзовтің өз зәулім үйлерінің есігін ашты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Тұрсын мен Баян Алагөзовтер қандай үйде тұратыны белгілі болды

Бейнеролик небәрі бір күнде жүз мыңдаған қаралым жинап, үлкен қызығушылық тудырды. Кадрлардан көрінгендей, жұптың үйі Алматы тауларында орналасқан және бірнеше гектар аумақты алып жатыр. Үй ішінде биіктігі сегіз метрге дейін жететін панорамалық терезелер, бассейндер, сауна мен хамам, қызметкерлерге арналған бөлек аймақтар, жылыжайлар және аулада орнатылған үлкен киіз үй бар. Айта кетейік, киіз үйді қоюды Баянның өзі сұраған.

Тұрсен Алагузов бұл жайлы:

«Барлығы әйелім үшін жасалды», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, үйдегі кейбір идеялар небәрі бір ай ішінде жүзеге асқан.

Сондай-ақ, ерлі-зайыптылар кіші қыздары Алиса мен Алмаға арналған ойын бөлмесін көрсетті. Кәсіпкер әзілдеп:

«Барлығы әйелдер үшін», – деп бірнеше рет қайталады.

Бағдарлама барысында трансформер-бассейн де таныстырылды: жазда ол ашық бассейнге айналады. Сонымен қатар, кәсіби деңгейдегі ас үй көрсетілді – мұнда аспаз мейрамхана деңгейінде тағам дайындайды.

«Мен жүріп шаршадым», – деп әзілдеді жүргізуші үйді аралау кезінде.

Үйде бірнеше қонақ бөлмесі, балаларға арналған ойын аймақтары, бар-зоналар, фитнес кеңістік және қызметкерлерге арналған бөлмелер бар. Белгілі болғандай, кішкентай қыздарға филиппиндік күтушілер қарайды.

Жүргізуші ерекше назарды үй иесінің гардеробына аударды. Онда эксклюзивті заттар, соның ішінде футбол доптарынан жасалған күртеше мен шектеулі сериядағы аксессуарлар көрсетілді.

Сондай-ақ, жүргізуші Тұрсеннің Louis Vuitton брендіне тиесілі қолмен кестеленген бомберін киіп көрді. Оның бағасы люкс санаттағы жол талғамайтын көлікпен пара-пар. Ал Баян өзінің алғашқы Hermès Kelly сөмкесін көрсетті. Бұл қолтырауын терісінен жасалған сыйлықты Тұрсен оған 10 жыл бұрын алғашқы кездесуінде тарту еткен.

Ерлі-зайыптылар күнделікті өмірлерін де көрсетті: балалар жеке аймақтарда ойнайды, отбасы күн сайын бассейн мен саунада уақыт өткізеді, ал қонақтарға арнайы орындар қарастырылған. Тұрсен Алагузов күн сайын жақын маңдағы тауларда серуендейтінін айтты.

Бағдарлама шыққаннан кейін Қазнетте пікірлер тасқыны басталды. Көрермендер екіге бөлінді: бірі үйдің эстетикасына тәнті болса, екіншілері оның жалпы құнын есептеуге тырысты.

Пікірлердің кейбірі:

– «Бұл үй емес, бес жұлдызды қонақүй! Тауларға ашылатын 8 метрлік терезе – арман ғой. Баян Мақсатқызы, әдеттегідей, жоғары деңгейде!»

– «Есептейік: 4 гектар жер + 2000 шаршы метр хай-тек үй + сөмкелер коллекциясы… Бағасы кемінде 10–15 миллион доллардан басталады!»

Кейбір қолданушылар үйді шетелдегі элиталық жылжымайтын мүлікпен салыстырып, «қазақстандық масштаб емес» десе, енді бірі мұндай жобалардың Алматы қаласында жүзеге асып жатқанына мақтаныш білдірді.

Алайда үйдің авторы – сәулетшінің есімі бағдарламада аталмады.

Шығарылым соңында Алагөзовтер ерекше байқау жариялады: видео астындағы ең үздік пікір үшін ер адам 500 мың теңге, ал әйел адам Баянның жеке коллекциясынан сөмке ұтып ала алады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→