weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбекова жайлы күтпеген мәлімдеме жасап, жұрттың назарын өзіне аударды.

Ол тек жазба жариялап қана қоймай, Instagram парақшасында сторис те бөлісіп, бұрынғы шәкіртімен арадағы жағдайға қатысты ойын ашық жеткізді. Баян Мақсатқызы сөзінде олардың арасындағы қарым-қатынасқа нүкте қойылмағанын аңғартты.

Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбекова жайлы күтпеген мәлімдеме жасап, жұрттың назарын өзіне аударды.
Фото: ашық дереккөз

Продюсердің айтуынша, ол өз еңбегін жоққа шығаруға жол бермейтінін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы «20 жыл KeshYOU» жобасының үшінші бөлімі туралы айтып, бұл туындыда кейбір шындықтар ашылуы мүмкін екенін меңзеді.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының алдағы концертіне қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Әнші бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын айтып, концерттің өзі қатыспаса да жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.

Оның сөзінше, бұл — шығармашылық жолындағы бір кезеңді аяқтау. Өнер иесі көп жылдық тәжірибесінде түрлі бағытта еңбек етіп, сахнадан уақытша алыстап, кейін қайта оралғанын да атап өтті.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар арасында әртүрлі пікір туғызды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→