«АҚШ-тың шамамен 400 әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың ішінде үшеуі ауыр жарақат алған, 354-і қызметке қайта оралды. 14 адам қаза тапты: олардың жетеуі ұрыс қимылдары барысында, алтауы Кувейттегі ирандық соққы нәтижесінде, тағы біреуі Сауд Арабиясында алған жарақаттарынан қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан 278 оқушы мен 67 мұғалім қаза тапқаны мәлімденген еді.