weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 10:21 / Жасмина Нурлан / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау күшейтіледі

Қазақстанда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қамту деңгейі артып келеді — жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 95%-ға жетуі мүмкін. Бұл туралы newsroom.kz хабарлайды.

Ерекше білімді қажет ететін балаларға қолдау күшейтіледі
Фото: ortcom

2025–2026 оқу жылының басындағы деректерге сәйкес, елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мыңнан астам бала тіркелген. Қазіргі таңда олардың шамамен 90%-ы арнайы қолдау шараларымен қамтылған.

Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 95%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл бағытта арнайы білім беру ұйымдарының желісі кеңейіп, бүгінде олардың саны 539-ға жетті. Олардың қатарында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, түзету кабинеттері мен оңалту орталықтары бар.

Сонымен қатар педагог-ассистенттер қызметінің енгізілуі оң нәтижесін берді. Соның арқасында үйде оқитын балалар саны 11%-ға азайып, шамамен 2 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасына қайта оралды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→