Таяу Шығыстағы соғыс басталғалы бері Иранда кемінде 21 адам өлім жазасына кесіліп, 4000-нан астам адам ұсталған. Бұл деректерді сәрсенбі күні БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасы жариялады.
Ұйым мәлімдемесінде кемінде 9 өлім жазасы қаңтар айындағы наразылықтарға байланысты болғаны, 10 адамның оппозициялық немесе жау топтарға қатысы бар деген күдікпен жазаланғаны, ал тағы екі адамның тыңшылық айыбымен өлім жазасына кесілгені айтылған.
Барлық өлім жазалары 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы бере бастағаннан кейін жүзеге асырылған.